Маусым аяқталған соң алматылық «Қайрат» клубы тағы бір бразилиялық шабуылшысымен – Элдер Сантанамен қош айтысады. Бұл туралы клуб басшысы Қайрат Боранбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, алдағы маусымда Қазақстан чемпионатында легионерлерге арналған жаңа лимит енгізіледі. Ереже бойынша команданың өтінімінде шетелдік ойыншылар саны оннан аспауы тиіс.
«Жоао Паулодан бөлек Элдер Сантана да кетеді. Легионерлерге қойылатын талаптардың күшеюіне байланысты тағы екі шетелдік футболшымен де қоштасамыз. Бірақ құрамға үш жаңа ойыншы қосылады», – деді Қайрат Советаевич Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» ресми түрде Жоао Пауломен келісімшарттың тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Қазіргі таңда алматылық клуб Офри Арад, Егор Сорокин және Георги Зариямен де келісімшартты ұзартқан жоқ, олардың келісім мерзімі жыл соңында аяқталады.
Еске сала кетейік, «Қайрат» биыл Қазақстан чемпионы атағын қорғап қалды және келесі маусымда тағы да Чемпиондар лигасында ойнайды.