Энергетика министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен электр қуатының дайындық қызметіне арналған шекті тарифтер жеті жыл мерзімге бекітілді. Жаңа тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл шара энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға және энергия өндіруші кәсіпорындардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұйрыққа сәйкес, тарифтер келесі мөлшерде бекітілді:
2026 жыл – 1170 мың теңге/МВт; 2027 жыл – 1355 мың теңге/МВт; 2028 жыл – 1435 мың теңге/МВт; 2029 жыл – 1510 мың теңге/МВт; 2030 жыл – 1585 мың теңге/МВт; 2031 жыл – 1665 мың теңге/МВт; 2032 жыл – 1745 мың теңге/МВт.