• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 21 Қараша, 2025

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты

30 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Вьетнамның орталық аймақтарында болған су тасқыны салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент табиғи апаттан қайтыс болған адамдардың туыстарына сабыр, ал жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Соңғы жаңалықтар