• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қараша, 2025

Темірлан Анарбеков тағы да таңдаулылар қатарынан табылды

110 рет
көрсетілді

Еуропаның футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында қақпашылар жасаған үздік сейвтердің бейне топтамасын ұсынды. Үздіктер қатарында алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Темірлан Анарбеков матчтың екінші жартысында «Копенгаген» ойыншысы Дзюнносукэ Судзукидің алыстан бағыттаған қатты әрі дәл соққысын тойтарып, қақпасын сақтап қалды. Қақпашының «мысықша» секіріп қайтарған добы жанкүйерлер мен сарапшылар арасында жоғары бағаланды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қарашаға қараған түні өткен ойында Алматылық «Қайрат» түзде «Копенгагенге» есе жіберді. Есесіне Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақ футболшылары атанды.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Пафос» арасындағы ойында да Анарбековтің  сейвтері ТОП үштіктің қатарынан табылып еді. 

Бес тур қорытындысы бойынша «Қайрат» жалпы кезеңнің турнирлік кестесінде 35-орында тұр.
Соңғы жаңалықтар