• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2025

Атырау облысында полиэтилен зауытының құрылысы жүріп жатыр

150 рет
көрсетілді

«Силлено» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ірі габаритті бағаналарды дайындау үшін жергілікті зауытпен келісімшарт жасалған. Қазір «АтырауМұнайМаш» ЖШС-нің қызметкерлері техникалық күрделілігі жоғары ірі габаритті екі бағананы құрастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жабдықтың бірі – этиленді бөлу бағанасы (Ethylene Fractionator). Оның салмағы – 1 470 тонна, биіктігі – 101 метр. Осы кезге дейін бұл бағананы құрастыру жұмысы 78 пайызға орындалды. Екіншісі – суыту бағанасы (Quench Tower). Аталған жабдықтың салмағы – 700 тонна, биіктігі – 51 метр. Дайындық деңгейі 55 пайызды құрайды», деп хабардар етті компанияның баспасөз қызметі.

Бұл бағаналар пиролиз қондырғысының құрамына кіреді. Дәл осы қондырғыда этан полиэтилен өндірісінің негізгі өнімі – этиленге айналады. Қондырғыларды монтаждау 2026 жылға жоспарланып отыр.

«Атыраудағы аталған кәсіпорын су дайындау жүйесінде еріген газдарды жоюға арналған тағы бір маңызды элемент – деаэратор жабдығын әзірлеуге тапсырыс алды. «АтырауМұнайМаш» ЖШС-мен ынтымақтастықтың бірнеше себебі бар. Біріншіден, отандық өндірушілер Қазақстандағы ірі мұнай-газ химиясы жобаларының бірін іске асыруға қатысады. Екіншіден, жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал етеді», деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар