• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Желтоқсан, 2025

ІІМ жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын ауыстыру туралы ақпаратты жоққа шығарды

40 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын қайта рәсімдеу туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру тәртібі өзгерген жоқ. Әлеуметтік желілерде қолданылу мерзімі алдағы төрт жылда аяқталатын құжаттарды алдын ала жаңарту керек деген қауесет тараған болатын. Алайда полиция бұл мәліметті ресми түрде теріске шығарды. «Аталған куәлік тек олардың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда және қолданыстағы белгіленген тәртіпке сәйкес ауыстырылады. Қосымша талаптар, соның ішінде қайта емтихан тапсыру немесе қандай да бір шектеулер қарастырылмаған», делінген хабарламада. ІІМ азаматтардан ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруді және құзырлы орган көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Соңғы жаңалықтар