• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Желтоқсан, 2025

АҚШ-та қарлы боран салдарынан 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді

40 рет
көрсетілді

АҚШ-та ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді. Елдің солтүстік-шығыс өңірін қалың қар басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

FlightAware порталының дерегінше, 8104 рейс кешіктіріліп, тағы 1422 рейс мүлде тоқтатылған.

АҚШ-тың солтүстік-шығыс аймақтарында 26 желтоқсанда қарлы боран күшейген. Атап айтқанда, Нью-Йорк штатында бір тәулікте жауған қардың қалыңдығы 15 сантиметрге дейін жеткен.

Сонымен қатар Ресей астанасындағы әуежайларда да әуе қатынасы уақытша шектелді. Мәскеудің Внуково әуежайы мен Шереметьево әуежайларында ұшып келу және ұшып шығу бағытындағы 270-тен астам рейс кешіктірілген.

Қауіпсіздікке төнген қатерге байланысты 69 әуе кемесі балама әуежайларға бағытталса, 42 рейс толықтай тоқтатылған.

Соңғы жаңалықтар