Атырау облысының Қызылқоға ауданында тұратын ерлі-зайыпты, ұлы мен қызы із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүгін ерлі-зайыптының мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрхат Оразбаев мәлім етті.
«Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды. Қазір күдіктілерді іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр», деп мәлімдеді Нұрхат Оразбаев.
Оның айтуына қарағанда, жоғалған екі адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасып жатыр.