• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қаңтар, 2026

НАТО күштері Гренландияға орналастырылуы мүмкін

20 рет
көрсетілді

Ұлыбритания мен Германия бастаған бірқатар еуропалық ел НАТО күштерін Гренландия аумағына орналастыру жоспарын талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германия Арктика аймағын қорғау мақсатында, АҚШ-тың Гренландияны аннексиялау (бір мемлекеттің басқа бір мемлекеттің аумағын күшпен немесе саяси қысым арқылы өзіне қосып алу) қаупі аясында, «Арктикалық сақшы» атты НАТО-ның бірлескен миссиясын құруды ұсынбақ.

Еуропа Трамптың Гренландия туралы сөзіне қарсы шықты

Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармер одақтастарды Қиыр Солтүстіктегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге жеке өзі шақырған.

АҚШ Гренландияны басып алуға ниетті ме?

Сондай-ақ ол жуырда бұл мәселені талқылау үшін Франция президенті Эммануэль Макронды және Германия канцлері Фридрих Мерцті қоса алғанда, бірнеше елдің басшысымен байланысқа шыққан.

Трамп АҚШ-тың Мексикаға соққы жасауға дайын екенін мәлімдеді

 

Соңғы жаңалықтар