Петропавлда 33 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оны қалалық аурухана маңында қылмыс үстінде ұстаған, деп жазады Egemen.kz.
Тінту барысында одан түсті зат салынған 22 түйіншек тәркіленген және тағы 3 түйіншек табылған. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат 25 грамды құрайтын синтетикалық есірткі болып шыққан.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, ер адам 2025 жылдың қараша айынан бері есірткі сатуымен айналысқан. Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз айналымға жібергені үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал.
Есірткі қылмысын еңсеретін жоспар