Ауа райының нашарлауына байланысты бүгінгі сағат 11:30-да Жетісу облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырымы тұсы жабылды. Бұл – Көктұма ауылынан Достық станциясына дейінгі аралық. Қозғалыс шектеуі – көліктің барлық түрлері бойынша енгізілді.
Автожол алыстан басқарылады
Аталған жол бөлігін ашу 2 ақпан күні сағат 08:30-ға жоспарланған.
«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Автожолдардың бүгінгі ахуалы қандай?