• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:01

Елордада тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етілді

10 рет
көрсетілді

Биыл Қазақстан Республикасының жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толды. Осыған орай Астана қаласындағы Ерлік саябағында еске алу іс-шарасы өтті. Жиылған жұрт батальон құрамында қызмет атқару кезінде қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске алу шарасына ардагер жауынгерлер, әскери қызметшілер мен қоғам өкілдері қатысты. Рәсім барысында тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарған Қазақстан жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Іс-шарада Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов және ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов сөз сөйлеп, жауынгерлердің әскери борышты абыроймен орындағанын атап өтті.

«Бұл күн – батальон жауынгерлерінің ерлігі мен Отанға адалдығының, әскери борышқа беріктігінің символы. Осы ретте батальон ардагерлерін Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы атынан тарихи датамен құттықтаймын», деді генерал-майор Қайрат Үмбетов.

Еске алу іс-шарасы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты. Бағдарламада Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, Шекара қызметінің Ән-би ансамблі солистері патриоттық бағыттағы шығармаларын орындады.

Айта кетейік, осыдан 25 жыл бұрын Қазақстанның әскери қызметшілері Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік міндетін аяқтап, елге оралды. Қазақстан Республикасының жеке құрама атқыштар батальоны 1993-2001 жылдар аралығында Пяндж өзені бойында мемлекеттік шекараны күзетті. Өкінішке қарай, қызмет барысында қазіргі Ұлттық ұланның, бұрынғы Ішкі әскердің 17 жауынгері ерлікпен қаза тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар