Рудный қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 900 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын №8 жалпы білім беретін мектеп есігін ашты, деп жазады Egemen.kz.
Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Кіші, орта және жоғары буын үшін жеке блоктар қарастырылған. Химия, биология, физика, информатика, робототехника пәндік кабинеттері, сондай-ақ STEAM-зертхана оқушылардың зерттеу мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
«Цифрлық мектеп» білім жүйесін қалай өзгертеді?
Оқу кабинеттері компьютерлік жабдықтармен, интерактивті тақталармен, шет тілдер кабинеттері лингафондармен қамтылған. Мектепте қажетті құралдарымен 3 спорт залы, хореография залы, жайлы асхана бар. Еңбекке баулу шеберханаларында арнайы құрылғылар мен тігін жабдықтары қойылған. Аулада оқушыларды жан-жақты дамыту үшін қозғалыс ойындары мен демалуға арналған алаңдар бар.
Мектеп Қостанай облысы бойынша Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының өңірлік үйлестірушісі қызметін атқарып, осы салада халықаралық тәжірибе алмасу бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Мектеп оқушылары жылыжайда зерттеу жүргізеді
«Кеншілер қаласы үшін 62 жаңа жұмыс орнының ашылуы маңызды. Оның 34-і педагог, оларға сапалы білім беру және оқушылардың зияткерлік, спорттық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жасалған қолайлы жағдайларды толығымен пайдалану міндеті қойылып отыр», делінген Қостанай облысының әкімдігі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Ұлттық жоба аясында облыста 4 500 орындық 6 мектеп ашылған: Арқалық қаласында (300 орын), Қостанай ауданының Заречный ауылында (900 орын), екі мектеп Қостанай қаласында (1200 және 900 орын), Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында (300 орын) және Рудный қаласында (900 орын).
Тозығы жеткен мектептер жөнделеді