Жетісу облыстық туризм басқармасының мәліметінше, Мемлекет басшысының ірі мегаполистер мен облыс орталықтарының қала маңы аймақтарында экопарктер құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биыл Талдықорған, Текелі, Сарқан қалаларында 3 экопарк құрылады, деп жазады Egemen.kz.
Жергілікті маңызы бар қорғалатын нысандар тізіміне енгізілген «Тасбақа» экопаркінің аумағы 38 гектар болса, «Черкасай» экопаркінің аумағы 21 гектар болмақ, сол сияқты «Қойтас» паркі эко-парк мәртебесін иеленеді.
Ертіс бойында экопарк салынады
Облыстық туризм басқармасының басшысы Сәкен Түкібаевтің айтуынша, бұл 3 экопарктер өңірдегі эколгиялық және мәдени-танымдық туризмді дамытуға тың серпін береді.
«Талдықорғаннан үш шақырым жерде орналасқан «Тасбақа» экопаркі қонақтардың біркүндік және демалыс кезіндегі тынығуына қолайлы болмақ. Онда шолу алаңы, автотұрақ жасалып, беседкалар, санитарлық тораптар, орындықтар, қоқыс контейнерлері қойылады. Ал Текелі қаласы маңындағы «Черкасай» экопаркі отбасылық әрі белсенді демалыс үшін қолайлы болады. «Қойтас» экопаркіне келсек, ол Сарқан қаласының ішінде орналасқан. Оның бір ерекшелігі – табиғи ландшафты сақталған, онда «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өсетін ағаштар отырғызылып, паркті мекендейтін жануарлардың мүсіндері орнатылған, жалпы ұлттық парктің флорасы мен фаунасынан кеңінен хабар береді», деді Сәкен Түкібаев.
Жетісуға былтыр 40 мың экотурист келген