Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы қызмет департаменті 1Win брендімен интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыскерлер заңсыз қызметті жасыру үшін жалған азаматтардың атын пайдаланған. 1Win платформасы 11 мыңнан астам онлайн-ойындармен қатар спорттық және киберспорттық бәс тігуге мүмкіндік берген. Төлемдер банк карталары, электрондық жүйелер және криптовалюта арқылы жүзеге асқан.
Елімізде тек шетелдіктер кіре алатын казинолар салынады
Күдіктілер халықаралық іздеуде, оларға сырттай қамау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған.
Сонымен қатар, күдіктілердің заңсыз жолмен алынған мүлкіне алдын ала сотқа дейінгі тәркілеу енгізілген. Атап айтқанда, Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser көліктері және шоттардағы 151 млн теңге, 14 600 АҚШ доллары, 44 400 евро тәркіленді.
Сот шешімімен жалпы құны 420 млн теңгеден асатын бұл мүлік мемлекет кірісіне қайтарылды.
600 миллиард доллар: Ірі онлайн-казино схемасы әшкереленді