Өткен тәулікте қатты аяз бен ақтүтек боранға байланысты Ақтөбе облысында автожолдар уақытша жабылды. Күн райы қатты бұзылғанда автокөлікпен жолға шықпау жөніндегі ескертулерді елемейтіндер осы жолы да көп болды. Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарында төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлер жолда қалғандарды түні бойы арнайы ұйымдастырылған жылыту пункттеріне жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтүтек боранда адамдарды құтқарғандардың бірі Байғанин ауданындағы патрульдік полиция қызметкері – Олжас Тәліпов.
Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 400 жолаушы пойызбен тегін жеткізілді
Патрульдік полиция қызметкерлері «Атырау − Ақтөбе» тасжолының бойында қалған жолаушыларды Қарауылкелді елді мекеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жеткізді. Инспектор Олжас Тәліпов Атырау облысынан келе жатқан көліктегі үш айлық нәрестесі бар отбасыны үйіне алып кетті.
Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды
Полицейдің жары жолаушыларға ыстық тамақ ұсынып, бар жағдайын жасады. Ертеңіне боран басылғанда жолға шыққан жолаушылар полиция қызметкері отбасының көрсеткен қамқорлығына шексіз ризашалықтарын білдірді.