• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Айбын Бүгін, 10:32

Астана әуежайында Дубайдан олжалы оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

20 рет
көрсетілді

Еліміздің арнайы жасақ сарбаздары әлемдік аренада ел мерейін үстем етті. Дубай қаласында өткен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамалары үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді, деп жазады Egemen.kz.

7-11 ақпан күндері Біріккен Араб Әмірліктерінде жетінші мәрте ұйымдастырылған бұл сайыс бейресми түрде «Арнайы жасақ олимпиадасы» аталып кеткен. Биылғы додаға әлемнің 48 елінен 109 команда қатысып, кәсіби даярлықтың ең жоғары деңгейін сынға салды. Қазақстан атынан Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінен құралған бес құрама өнер көрсетті.

Жалпы қорытынды бойынша «Kazakhstan C» командасы алтын жүлдені иеленді. Ал «Kazakhstan A» құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұдан бөлек, тағы үш отандық команда үздік 20 құраманың қатарына еніп, ел қоржынын толтырды. Бұл нәтиже отандық арнайы жасақтың жүйелі дайындығы мен кәсіби деңгейін айқын аңғартты.

Отаншылдықтың өлшемі

Сайыс барысында қатысушылар тактикалық операциялар жүргізу, ғимарат пен мұнараны басып алу, кепілге алынғандар мен офицерлерді құтқару, сондай-ақ күрделі кедергілер жолағынан өту секілді бес арнайы тапсырманы орындады. Жауынгерлер барлық кезеңде шапшаңдық, төзімділік және командалық үйлесімнің жоғары үлгісін көрсетті.

Халықаралық көрермендердің ерекше назарын «Tomiris» қыздар құрамасы аударды. Құрама турнирдің әр кезеңінде әйелдер командалары арасында үздік атанып, жалпы есепте бірқатар ерлер командаларын да артта қалдырды. Бұл әйел жауынгерлердің де әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпазы атанды

Еліміз арнайы мақсаттағы бөлімшелері бұған дейін де осы турнирде жүлделі орындармен оралған. Биылғы табыс сол тұрақты жетістіктің заңды жалғасы саналады.

Жеңіспен оралған сарбаздарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдап, жауынгерлердің жоғары даярлығын, табандылығы мен отансүйгіш рухын атап өтті.

UAE SWAT Challenge: Қазақстан арнайы жасақтары турнирдің алғашқы күнінде топ жарды

12 ақпанда жеңімпаздар мен турнирге қатысушыларды Астана қаласындағы халықаралық әуежайда салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Ел намысын қорғап, әлемдік додада топ жарған арнайы жасақ сарбаздарын әріптестері, қызмет басшылығы, жақындары мен жанкүйерлер зор қошеметпен күтіп алды.

Соңғы жаңалықтар