• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:19

Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

10 рет
көрсетілді

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі заттарын интернет арқылы байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан интернет дүкеннің қызметін тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 мүшесі, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылық сүйемелдеген тұлғалар қолға түскен.

Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді

Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленген.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді. 

Астанада ұландықтар есірткі қылмысының жолын кесті

Бұған дейін Павлодар полициясы заңсыз айналымнан 44 келі есірткіні анықтап, оларды өртеу тәсілі арқылы жойғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар