«2026 жылғы 14 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балхаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Астана қалаларында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК болжамында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын, әсіресе жолдар мен басқа да ластау көздеріне жақын жерлерде жүруді қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қантамыр және аллергиялық дерті бар адамдар далада жүргенде өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүруі қажет.
Айта кетей, Бүгін Қазақстан бойынша, соның ішінде Алматы мен Шымкент қалаларында және 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды.