• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 11:37

Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?

10 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы автокөлік жолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz

2026 жылғы 13 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында республикалық маңызы бар «Мерке-Шу-Бурылбайтал» автожолының 156-268 шақырымы (Бірлік ауылы – Бурылбайтал ауылы аралығы) барлық көлік түрлері үшін ашық.

Жылдамдықты шектеу

Келесі автожол учаскелерінде жылдамдық режиміне өзгеріс енгізілді:

Қарағанды облысы

«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолы, 92-164 км (Анар станциясы – Теміртау ақылы жол бекеті).

Ақмола облысы

«Астана-Көкшетау (айналма жолымен)-Петропавл-РФ шекарасы (Жаңа Жол бекеті)» автожолы, 18-232 км.

Жабық жолдар

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу қойылды:

Алматы облысы

«Қонаев-Күрті» автожолы, 0-67 км (Қонаев қаласы – Күрті ауылы);

«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолы, 2436-2295 км (Ақсай ауылы – Қаншеңгел ауылы);

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 59-143 км (Жаңақұрылыс ауылы – Жамбыл облысы шекарасы).

Жамбыл облысы

Аталған халықаралық дәліздің 143-214 км (Алматы облысы шекарасы – Қордай ауылы);

159-238 км (Кенен ауылы – Қайнар ауылы);

238-476 км (Тараз қаласы – Қайнар ауылы);

476-534 км (Тараз қаласының айналма жолы);

534-593 км (Айша-бибі ауылы – Түркістан облысы шекарасы).

Түркістан облысы

593-654 км (Жамбыл облысы шекарасы – Машат кенті).

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жол айрығы (көпір өткелінің тірек арқалықтарының зақымдануына байланысты, Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс).

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы Осинов асуында (46-66 км, Северный ауылына бұрылыс – Серебрянск қаласына бұрылыс аралығы) 2024-2025 жылғы қысқы кезеңде тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілген.

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде көктайғақ, тұман, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды  
Соңғы жаңалықтар