«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 2026 жылғы 18 ақпанға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының және оған қатысты атмосфералық фронттардың әсері басым болады.
«Кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын түсіп, боран және көктайғақ болуы мүмкін», деп хабарлады «Қазгидромет» баспасөз қызметі.Ал оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде, антициклонның әсері сақталғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сонымен қатар, республиканың барлық аумағында тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.