Италияда өтіп жатқан төртжылдықтың басты бәсекесінің бүгінгі жарыс күнінде Софья Самоделкина еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы бәсеке 23:00-де отандық арналар арқылы тікелей эфирде ұсынылады.
Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 68,47 ұпай жинап, осы нәтижемен аралық есепте 12-орынға жайғасты.
Қысқа бағдарламадан кейін жапониялық Ами Накаи 78,71 ұпаймен көш бастап тұр.
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Айта кетейік, қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады.