• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 12:30

37 градус аяз: Алдағы демалыс күндері күн күрт суытады

30 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» ел аумағында алдағы демалыс күндері күн райы құбылып, ауа температурасы төмендейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын болады. Солтүстік және шығыс өңірлерде қалың қар жауады. Ал оңтүстік облыстарда жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ пен тұман түседі.

Аяз, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Кейіннен антициклон батыс өңірлерге ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

«Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10-22 градус, солтүстік облыстарда 17-25 градус, ал оңтүстік облыстарда 0-8 градусқа дейін аяз болады. 23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендейтіні болжанып отыр. Кей жерлерде 25-37 градусқа дейін аяз болуы ықтимал», делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.

Енді ауа райы болжамы сурперкомпьютер арқылы есептеледі

 

Соңғы жаңалықтар