• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:33

Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы үшінші қабаттан құлап кеткен

10 рет
көрсетілді

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ғимаратынан құлаған оқушының қазіргі жай-күйі туралы Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімет таратты. Дәрігерлердің айтуынша, 18 жастағы бозбалаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, зардап шеккен оқушы 19 ақпан күні көпбейінді қалалық ауруханадан жедел түрде көпбейінді облыстық орталықтың нейрохирургия бөліміне ауыстырылған. Бұл қадам науқасқа мамандандырылған нейрохирургиялық көмек көрсету және шұғыл түрде операциялық ем жүргізу мақсатында жасалған.

Таразда оқушы қызды ұрламақ болған ағайындылар қамауға алынды

«Қазіргі уақытта пациент тиісті ем-дом қабылдап, толық тексеруден өтуде. Оның денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланады, жағдайының біртіндеп жақсаруы байқалады», делінген басқарма хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 17-сі күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы ғимараттың үшінші қабатынан құлап кеткен. Осы оқиғаға қатысты полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 105-бабы, яғни «Өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Білім ордасындағы оқыс жағдайдың мән-жайы құзырлы органдардың бақылауында.

Атырау облысында 10-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр

Соңғы жаңалықтар