• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 16:52

Атырауда топыраққа мұнай төккен компанияға 2,3 млн теңге айыппұл салынды

40 рет
көрсетілді

Атырау экологтері «Промэкология» ЖШС-ның әрекетіне тексеру жүргізді. Бұған жеке тұлғаның аталған компанияға қатысты шағымы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, аталған компанияның нысаны Махамбет ауданында орналасқан. 

Атырау экологтері табиғатты ластаушыларға 2,3 трлн айыппұл салды

«Департамент қызметкерлері жеке тұлғаның арызы негізінде «Промэкология» ЖШС-ға  жоспардан тыс тексеру жүргізді. ​Тексеру кезінде компанияның Махамбет ауданының Бейбарыс ауылдық округінде орналасқан нысаны аумағындағы топырақта майға ұқсас сұйықтықтың бар екені, нақтысында жер телімі мұнай өнімдерімен ластанғаны анықталды. Аталған нысанда қалдықтардың жинақталғаны белгілі болды. Осыған орай жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарға байланысты Әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік істер қозғалды. Компанияға жалпы көлемі 2 380 913 теңгенің айыппұлы салынып, өндірілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау экологтері мұнай өңдеу зауытын әлі тексеріп жатыр

Соңғы жаңалықтар