• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 08:27

Ғылыми-технологиялық кешенді нығайту мүмкіндігі

10 рет
көрсетілді

Астанада «Sarap» эксперт­тік клубының отырысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі жалпы­халықтық референдум қар­саңында ғылыми-техно­логиялық егемендіктің мемле­кеттің дербестігі мен бә­секеге қабілеттілігін нығай­тудағы рөлі талқы­ланды.

Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қол­дауымен Қазақстан қоғам­дық даму инс­титуты ұйым­дастырды. Отырысқа ғылыми қауымдастық, зерттеу ұйым­­дары, жас ғалымдар бір­лестік­терінің өкілдері қатысты.

– Ғылыми-технологиялық еге­мендік – бүгінде дамудың стра­те­гиялық бағыты ғана емес, мемле­кеттілікті консти­ту­ция­лық тұрғыда нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі. Ел­дің бәсекеге қабілеттілігі мен ұзақмерзімді, орнықты дамуы ғылым, білім, өнеркәсіп салаларында қабылданатын инсти­туционалдық шешімдер­дің сапасына тікелей байланысты, – деді Қазақстан қоғам­­дық даму институты Қоғам­дық үдерістерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым.

Отандық тарихтың жекелеген аспектілері жөнінде қалыптасқан түсініктерді қай­та қарау қажет. Жошы ұлысын зерттеу ғылыми инс­ти­тутының директоры Жақ­­сылық Сәбитов осылай дей­ді. Сон­дай-ақ ол баламалы де­реккөздер мен шетелдік зерт­теулерді тарту арқылы историографиялық базаны кеңейтудің маңызына тоқ­талды.

Ал Еуразиялық халық­ара­лық зерттеулер қауым­дас­тығының төрағасы Свет­лана Кожирова ғылымның стратегия­лық әлеуетіне тоқ­талды. Ол баяндамасында Қазақстан тура­лы шетелдік ғылыми жарияла­нымдарға шолу жасап, онда еліміздің ядролық ғылым, страте­гия­лық маңызы бар пайдалы қазбалар, аграрлық зерттеу­лер, цифр­лық шешімдерді дамыту сала­ларындағы берік әрі бәсекеге қабі­летті ұстанымы кеңінен атап өтілетінін жеткізді.

«Young Researchers Alliance» ҚБ төрағасы Әсия Ермұхамбето­ва ғылыми қыз­мет­тің кадрлық өлшеміне ерекше назар аударды. Ол зерттеулердің ұзақмерзімді сипатының маңызын атап өтіп, көп жағдайда жобалар кемінде 3 жылға есептелетінін айтты. Осыған байланыс­ты зерттеу ұжымдарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қол­даныстағы рет­теуші, конкурстық тетіктер­ді қай­та қарау қажет. Сон­дай-ақ жас ғалым­дар­дың ман­­саптық траек­то­рия­сы­­­­ның айқын болмауы мен ең­бек жағдайларының тұрақ­сыздығы мәселесі қозғалды. Сарапшы «бұл факторлар 30 жасқа дейінгі маман­дардың ғы­лым саласына келу қар­қы­­нын едәуір тежеп отыр», деді.

Қазақстан халқы Ассам­блеясы Жас ғалымдар клу­бы­ның төраға­сы Эльмира Отар ғылымды басқа­ру­дың нор­мативтік архитекту­расы қалып­тасқанымен, практи­калық тиім­ділігі рәсім­дік, ұйым­­дас­ты­рушылық ол­қы­лық­­­тарға бай­ланысты шек­теу­лі болып отырғанын айтты.

Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының докторант­тары да ғылым саласын да­мытуға қатысты бірқатар ұсы­нысын ортаға салып, оның конс­титуциялық мәртебесін нығайтудың маңызын атап өтті. Ұсыныстар қатарында сараптама рәсімдерін автоматтандыру, ғылыми нәтижелерді бағалау критерийлерін зерттеу бағыттарына қарай саралау, сондай-ақ зерттеушілер үшін кәсіби дамудың ашық әрі түсінікті модельдерін қалып­тастыру шаралары айтылды.

Пікірталас аяғында қаты­су­шылар ғылыми-гума­ни­тарлық, ғылыми-техноло­гия­лық әлеуетті нығайту кешенді тәсілді талап етеді деген тоқтам­ға келді. 

Соңғы жаңалықтар