Байқоңыр қалалық сотында Қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. Тергеу барысында анықталғандай, мас күйдегі азамат көлік жүргізу құқығы жоқ болса да, иесінің рұқсатынсыз автокөлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық қорғау қызметкерлері көлікті заңсыз иемденіп, белгілі бір бағытта қозғалып бара жатқан азаматты тоқтатқан.
Атырауда төрт мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген
Сот істегі барлық дәлелдерді саралай келе азаматты кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Осы мерзім ішінде пробациялық бақылау белгіленіп, жыл сайын 100 сағаттан, күніне 4 сағаттан аспайтын қоғамдық орындарда мәжбүрлі еңбекке тарту міндеті жүктелді.
Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?