• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 08:23

Ғылыми атақтар туралы келісім мақұлданды

0 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар ЕАОЭ-ға мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісімді мақұлдады.

Құжат еңбек көші-қоны кезінде ғылыми атақтарды тікелей тануды көздейді. Бұл атақ иелеріне Одақтың басқа елдерінде берілген біліктілігіне сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жұмысқа орналасатын мемлекетте сараптама нәтижесінде теріс шешім қабылданбаған болса, келісім күшіне енгенге дейін берілген құжаттар да ресми мойындалады. Енді аталған келісім ратификациялау мақсатында ЕАЭО елдеріне жолданбақ. Осы үдерістен кейін құжат күшіне енеді.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің зияткерлік көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Биыл ақпараттық өзара іс-қимылдың базалық сервистерін айқындау, деректер алмасу форматы бойынша ұсыныстар әзірлеу және тиіс­ті құқықтық базаны қалыптастыру жоспарланып отыр.

Отырыс қорытындысында ЕАЭО кедендік аумағында ветеринарлық дәрілік заттардың айналысын реттеу қағида­ларының жекелеген ережелерін, сондай-ақ техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарын өзектендіру туралы шешім қабылданды.

Еске салсақ, биыл ЕЭК Кеңесіне еліміз төрағалық етеді, оны Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарады.

 

Соңғы жаңалықтар