Парижде таңдаушы талғамына сай әтір шығаратын студиялар бұрыннан бар. Енді сол үдеріске жасанды интеллект те қосылды.
Мәселен, «Lylo» атты ақылды жүйе арнайы сұрақтар арқылы адамдардың қалауын анықтап, соған сай иіссу ұсынады. Аталған жоба халықаралық байқауда жеңіп, кейін Канн, Нью-Йорк, Лас-Вегаста қолданылған. Мамандар мұны парфюмерді алмастыратын құрал емес, керісінше, шебердің таңдауын дәлдеп, жеке иіссуді тезірек табуға көмектесетін көмекші технология деп бағалайды.