Apple iPhone 17 желісіндегі ең қолжетімді модель – iPhone 17e смартфонын ұсынды. Бағасы 599-600 доллардан басталады, бұл елімізде шамамен 300 мың теңге. Алдын ала тапсырыс 4 наурызда, сатылым 11 наурызда басталады, деп жазады Egemen.kz.
Жаңа модель A19 процессорымен жабдықталған. 6 ядролы CPU iPhone 11 моделінен 2 есе жылдам. 8 ГБ жедел жады және 256 немесе 512 ГБ ішкі жады бар.
Адамдар жұмыс істемей өмір сүретін уақыт келе ме?
iPhone 17e 6,1 дюймдік OLED экранымен, 48 Мп негізгі камерамен және сапаны жоғалтпайтын 2 есе зуммен шықты. Видео 4K форматында секундына 60 кадрға дейін түсіреді. Алдыңғы камерасы 12 Мп.
Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы
Алғаш рет «e» моделінде MagSafe қолдауы бар. Құрылғы IP68 стандарты бойынша қорғалған және USB C арқылы 30 минутта 50 пайызға дейін зарядталады. Смартфон iOS 26 жүйесімен жұмыс істейді және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдайды. 256 ГБ нұсқасы 599-600 доллар, 512 ГБ шамамен 800 доллар тұрады.
«Aleem» «duolingo»-ны артта қалдырды