• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 08:55

Азаматтардың сенімін арттыратын ұсыным

0 рет
көрсетілді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-ның Қоғамдық адалдық жөніндегі ұсынымына (OECD Recommendation on Public Integrity) қосылғанын ресми түрде растады. Бұл туралы тиісті хатты ЭЫДҰ Бас хатшысы Маттиас Корманн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атына жолдады.

Аталған шешім ЭЫДҰ-ның Қазақ­стан­дағы қоғамдық адалдық жүйесі мен оның іске асырылу тетіктеріне жүргізген кешенді шолуының қорытындылары және Ұйым аясындағы барлық рәсімнің толық аяқталуы негізінде қабылданды. Шешім еліміздің адалдық, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы саясат саласында ЭЫДҰ стандарттарын енгізу жөнін­дегі міндеттемелерді қабылдағанын көрсетеді.

ЭЫДҰ-ның Қоғамдық адалдық жөнін­дегі ұсынымы – мемлекеттік басқа­ру жүйесінде адалдық мәдениетін қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи тәсілде­рін орнықтыруға бағытталған негізгі ха­лық­аралық құжаттың бірі. Ол 13 қа­ғидатқа негізделген және мемлекет­тік аппараттың барлық деңгейінде, сондай-ақ тұтастай қоғамда адалдықты қамтамасыз етудің жүйелі, тәуекелге бағдарланған әрі контексті ескеретін тәсілдерін іске асыруды көздейді.

Бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан кәсіби, есеп беретін және азаматтарға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі рефор­малардың маңызды кезеңі саналады. Қазақстанның ЭЫДҰ ұсынымына қосылуы – халықаралық стандарттарға әрі «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына сай өзгерістердің айқын көрінісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған Ұсынымға қосылуды мемлекет­тік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіру­дің, әдеп стандарттарын күшейтудің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер­ді дамыту мен азаматтардың мемле­кет­тік институттарға деген сенімін одан әрі арттырудың тиімді құралы ретінде қарастырады.

Агенттік алдағы уақытта да Мемле­кет басшысының мемлекеттік басқа­ру жүйесіне озық халықаралық тәжіри­белерді енгізу, сыбайлас жемқорлық­қа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалып­тас­тыру жөніндегі тапсырмаларын тұ­рақты түрде іске асыруды жалғастырады.

Айта кетейік, ЭЫДҰ – экономикалық және әлеуметтік саясат, мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қоғамдық институттарды дамыту салаларында халықаралық стандарттар мен ұсынымдар әзірлейтін беделді халықаралық ұйым. 

Соңғы жаңалықтар