Қазақстан әйелдер боксы құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлемдегі ең үздік әйел боксшылардың pound-for-pound (P4P) рейтингі бойынша алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңартылған рейтинг бойынша Назым 7-орынға көтеріліп, Қазақстан атынан алғашқы ондыққа кірген жалғыз спортшы атанды.
BoxRec әйелдер арасындағы топ-10 рейтингі:
У Ю (Қытай);
Келли Харрингтон (Ирландия);
Пан Чхоль Ми (ТХДР);
Таммара Тибо (Канада);
Бусе Чакыроглу (Түркия);
Нуне Асатрян (Ресей);
Назым Кызайбай (Қазақстан);
Ифе Мари О’Рурк (Ирландия);
Анастасия Шамонова (Ресей);
Ниту Гангаc (Үндістан).
Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болдыАйта кетейік, Назымнан басқа әлемнің 50 үздік әуесқой боксшылары арасында тағы төрт қазақстандық спортшы бар:
Алуа Балқыбекова – 11 орын;
Аида Әбікеева – 20 орын;
Виктория Графеева – 22 орын;
Наталья Богданова – 35 орын.
Назым Қызайбай – Қазақстан бокс тарихындағы ең титулды спортшылардың бірі. Ол (еркектер мен әйелдер арасында) үш рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған алғашқы спортшы: 2014, 2016 және 2025 жылдар.
Сондай-ақ ол Азия чемпионатының (2021) және Париждегі 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қола медалін иеленген.