• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:01

Вьетнамда жоғалған қазақ қызы аман-есен табылды

10 рет
көрсетілді

Вьетнамда түсініксіз жағдайда жоғалған 26 жастағы отандасымыз Әсем аман-есен табылды. Бұл туралы оның туған әпкесі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әпкесі мәлімдегендей, қазір Әсем полиция бөлімшесінде.

«Ол тірі, бірақ жағдайы алаңдатарлық. Қазір тергеу жүріп жатыр, сондықтан барлық мәліметті жариялай алмаймыз. Ең бастысы ол табылды», деді әпкесі.

Еске салсақ, Әсем 6 наурызда Хошимин қаласында жоғалып кеткен болатын. Сол күні ол қазақ консулымен кездесуге Ханойға ұшуы тиіс еді, алайда әуежайдан 20 шақырым қашықтықта байланыс үзілген. Туыстарының айтуынша, сол кезде Әсем қатты қорқып, оны біреу аңдып жүргенін айтқан.

Кейінірек оның 6 наурыз сағат 15:08-де такси қосымшасында сапардан бас тартқан әрекеті анықталды.

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен үш адам аман-есен табылды

Туыстарының айтуынша, Әсем жоғалардан бұрын америкалық әйелмен бірге түскі ас ішкен, ал отбасымен соңғы сөйлесуінде оның сөзі түсініксіз аяқталған.

Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Әсемнің туыстарымен және оны іздеп жатқан Вьетнамның құзырлы органдарымен байланыста екенін хабарлады.

Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Соңғы жаңалықтар