«Қазгидромет» ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 11 наурыз күні бірқатар өңірде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп жазады Egemen.kz.
Ертең түнгі уақытта Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 25-30°С аязға дейін болжанып отыр.
Ал Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы 20-25°С аязға дейін төмендейді.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Шығыс Қазақстан облысында күн райы 15-20°С аязға дейін суытады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы 7-20°С аязға дейін төмендеуі мүмкін.
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Сондай-ақ Астана, Қарағанды, Семей, Өскемен, Қызылорда, Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында да түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Енді ауа райы болжамы сурперкомпьютер арқылы есептеледі