Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жетістікке Ербол Хамитов қол жеткізді. Ол шаңғы жарысында (отырып) спринт бойынша сынға түсіп, үшінші орынды иеленді. Оның финиш уақыты – 2:29.9.
Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары басталды
Бірінші орынды Цзысюй Лю (Қытай) жеңіп алды, уақыты 2:28.9 болды, ал екінші орынға Кристиан Вестемайер (Бразилия) шықты – 2:29.6.
Қысқы Паралимпиада: Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі