Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Шабуылдың салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келді.
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады