• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Иран Біріккен Араб Әмірліктеріне соққы жасады: 6 адам қаза тапты

0 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктері аумағында Иранның жауап соққылары салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 122 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жараланғандардың арасында Мысыр, Судан, Иран және Түркия азаматтары бар. Бұл туралы Әмірліктердің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Министрлік дерегінше, қақтығыс басталғалы әуе қорғаныс жүйелері 262 баллистикалық зымыранды анықтаған. Олардың басым бөлігі әуеде жойылған. 19 снаряд теңізге құлаған, ал 2 зымыран ғана ел аумағына жеткен.

Сонымен қатар 1500-ге жуық ирандық ұшқышсыз ұшу аппараты тіркелген. Оның 90-ы ел аумағына құлағаны хабарланды.

Айта кетейік, эвакуация жұмыстары басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8585 Қазақстан азаматы елге қайтарылған.

 

 

Соңғы жаңалықтар