• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 07:48

Қолы шипа Сейсепкүл

0 рет
көрсетілді

Сынықшы Сейсепкүл Сихымбаева тұрғындарға ісімен, қамқорлығымен үлгі болып жүр. Оны ақтастықтар ғана емес, Бәйдібек ауданының жұрты тегіс таниды. Таяқ ұстап келген талай жанға емін жасап, аяққа тұрғызғаны бізге де көптен мәлім.

Күнделікті қым-қуыт тіршілікте қоғамға пайдалы іспен айналысатын, мамандығына адал, сөзіне, ісіне берік жандарды көрсек, жүрегіміз жылып сала береді. Ісіміз түскен адам мәселемізді шеше қойса, алғысымызды жаудырып, ықылас-ілтипатымызды білдіреміз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Алғысымды жеткізгелі отырған Сейсепкүл Сихымбаева да сондай жақсы, жайсаң адам.

Жасы тоқсанға келген адамның ауырмайтын, сыздамайтын жері болмайды. Мысалы, өзім бір бүйіріме таянып, жамбас тұсым жар бермей ұзақ жүрдім. Дәрігерге де ақсаңдап әзер жеттім. Бақытыма қарай, қолы шипалы сынықшының емінен кейін жағдайым біраз жақсарып қалды. Құдды қазір дәрігер ауырған жерімді түбірі­мен жұлып тастағандай күйдемін. Емшараны толық алып болған соң, халім бүгінгіден де жақсара түсетініне имандай сеніп отырмын. Бадам стансасында тұратын Сейсепкүлдің өзіне, отбасына амандық, саулық тілеймін. Бақ қарасын, Қыдыр дарысын!

 

Темір РАЙЖАНОВ,

еңбек және тыл ардагері

 

Түркістан облысы,

Бәйдібек ауданы,

Ақтас ауылы

Соңғы жаңалықтар