Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізу аясында 16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» деп жарияланды. Бұл күн халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен рухани мұрасын насихаттайтын, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке ретінде белгіленген, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні – ұлттың рухани тамырын тереңірек түсініп, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді қайта жаңғыртуға арналған маңызды шара. Бұл бастама, әсіресе, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған.
Биылғы Наурыз мерекесінің ерекшелігі – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарының кең қолданылуы. Бұл бастамалар Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатыр. Елордадағы мерекелік алаңдарда қала тұрғындары мен қонақтарға роботтармен, жасанды интеллект мүмкіндіктерінің көрсетілімдерімен және басқа да заманауи технологиялық шешімдермен жабдықталған интерактивті аймақтар ұсынылады. Қала тұрғындары заманауи технологиялардың ұлттық дәстүрлермен қалай үйлесетінін көріп, әртүрлі цифрлық әрі танымдық белсенділіктерге қатыса алады.
«Наурызнама»: Елордада Көрісу күні қалай атап өтіледі?
16 наурыз күні «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай елордада түрлі іс-шаралар өтеді.
Сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Мәдениет күні – шынайы дәстүр кеңістігі» атты мерекелік іс-шара өтеді.
Ұлттық академиялық кітапханада «Ұлттық құндылық – ұлттық болмыс» атты кітап көрмесі ашылады.
16-17 наурыз күндері «Жастар» сарайының концерт залында «Наурыз. Жарық күші» атты театрландырылған музыкалық қойылым өтеді. Басталу уақыттары: 10:00, 12:00 және 14:00.
Бұл күні мемлекеттік және құрылымдық мекемелер арасында дәстүрлі «Армысың, әз Наурыз» байқауы өтеді. «Руханият» КММ «Салт-дәстүр – ұлт қазынасы» атты ашық сабақ ұйымдастырады.
Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды
Сағат 19:00-де Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры «Жас Абай» спектаклін ұсынады.
16 наурыз күні «Damu Mall» сауда-ойын-сауық орталығында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері дайындаған ұлттық қолөнер көрмесі ашылады.
Сервис және туризм колледжінде мектеп оқушыларына ұлттық тағамдар дайындау бойынша шеберлік сабағы өтеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық ою-өрнекпен қыш бұйымдарын жасау шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. №1 өнер мектебінде «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні!» концерті өтеді. Балалар көркемсурет мектебінде «Туған жерім» атты сәндік-қолданбалы өнер бойынша XXII республикалық байқау ұйымдастырылады. №2 өнер мектебінде «Дәстүрім – асыл қазынам» іс-шарасы өтеді. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында аудан зейнеткерлерінің ұлттық стильдегі қолөнер көрмесі ұйымдастырылады. «Қамқор» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Салт-дәстүр – асыл қазына» танымдық сағаты өтеді.
Наурызнама онкүндігі аясында 747 спорттық іс-шара өтеді
16-22 наурыз аралығында елорданың тұрғын үй кешендерінің аулаларында МИБ-тер арасында «Ұлыстың ұлы күнінде...» байқауы өткізіледі.
Осы күні «Наурыз жылуы» акциясы аясында «Астана жастары» еріктілері коммуналдық қызмет мамандарына шай мен бауырсақ таратып, гүл шоқтарын табыстайды.