Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қайғылы жағдай тіркелді. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, 15 наурыз күні қарауылдың үшінші бекетінде ведомстволық күзет қызметкері карабиннен абайсызда оқ атып, қарауыл бастығын жаралаған, деп жазады Egemen.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, екі азамат мерзімді әскери қызметші емес, ведомстволық күзеттің азаматтық жалдамалы қызметкерлері болған. Оқ тиіп ауыр жараланған қарауыл бастығы дереу әскери госпитальға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдайдың нақты себептері тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралар барысында анықталады.
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болған еді.