Халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы республикалық референдумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Бұл туралы Тәжікстан Республикасының Орталық сайлау және референдум комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оның сөзінше, халықаралық бақылаушылар Қазақстанға референдумды дайындау және өткізу процесін бақылауға шақырғаны үшін алғыстарын білдіріп жатыр.
«Халықаралық бақылаушылар Қазақстан тарапына жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдумды дайындау және өткізу процесін бақылауға қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіреді. Осы бақылаушылардың пікірін қолдай отырып, біз Қазақстанның Орталық комиссиясының референдумды өткізу бойынша кең ауқымды ұйымдастырушылық жұмысын ерекше атап өткім келеді», деді Худоёрзода.
Қырғызстан ОСК төрағасы: Қазақстандағы референдум жоғары азаматтық белсенділікпен өтті
Ол бақылаушылар дауыс беруді дайындау барлық деңгейде қадағаланғанын атап өтті.
«Біздің бақылауымыз көрсеткендей, референдумды дайындау және өткізу бойынша барлық деңгейдегі комиссиялар, оның ішінде Қазақстанның Орталық комиссиясы, азаматтардың республикалық референдумға қатысуына толық жағдай жасау үшін ауқымды жұмыстарды жүргізді. Бұл жұмыс жоспарлы және білікті түрде, республикалық референдум өткізудің негізгі принциптеріне сай жүзеге асырылды», деді халықаралық бақылаушы.
Мьянма бақылаушысы: Қазақстандағы референдум тәжірибесі – басқа елдерге үлгі
Оның сөзінше, референдумды ұйымдастыру Конституция мен елдің заңнамасына толық сәйкес өткізілген.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына және республикалық референдум туралы Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық комиссиясы өзіне жүктелген өкілеттілікті орындап, азаматтардың ерікті түрде дауыс беруге қатысуын және дауыс беру процесінің айқын болуын қамтамасыз етті», деді ол.
Сонымен қатар, бақылаушылар дауыс беру күні бірнеше сайлау учаскесіне барды.
«Байтақ» партиясының төрағасы: Конституция еліміздің дамуына берік құқықтық іргетас қалады
«15 наурызда біз Астана қаласындағы бірнеше учаскеде болып, дауыс беру процесін бақыладық. Учаскелік комиссиялардың референдумды өткізу жұмысы референдумға ерікті қатысу және ашықтық принциптеріне сай болды», деді Худоёрзода.
Оның сөзінше, Қазақстан азаматтары дауыс беруге өз құқықтарын еркін жүзеге асырды, ал референдум халықтың ерік білдіруінің көрінісі болды.