Синоптиктер Қазақстан бойынша 17 наурыздағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжам бойынша, республика аумағының көп бөлігінде кең антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Тек Қазақстанның батысында атмосфералық фронттар жауын-шашын тудырады (негізінен жаңбыр). Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал батыста шаңды дауыл соғады», деп хабарлады синоптиктер.Наурыз айында ауа райы қандай болады?