Түркия билігі 15 наурызда Қазақстанда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты пікір білдіріп, дауыс берудің бейбіт әрі тыныш жағдайда өткенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресми хабарламада Түркия референдумның бейбіт әрі тыныш жағдайда өткенін құптайтыны айтылған. Сондай-ақ дауыс беру барысын Түркия тарапынан келген халықаралық байқаушылар да бақылағаны атап өтілді.
Қытай Сыртқы істер министрлігі Қазақстанды жаңа Конституция бойынша өткен референдуммен құттықтады
Түрік тарапы референдум қорытындысы бойынша қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістер Қазақстан елінің одан әрі дамуына оң ықпал етеді деген үміт білдірді.
«Біз кеше Қазақстанда өткен конституциялық референдумның бейбіт және тыныш жағдайда өткеніне қуаныштымыз. Оған Түркия өкілдері де бақылаушы ретінде қатысты. Референдум қорытындысы бойынша қабылданған Конституцияға өзгерістер ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз», делінген мәлімдемеде.
Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары: Референдум ашық және заңға сәйкес өтті