• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 10:21

Вице-премьер: Әлеуметтік саясаттың өзегі – адами капитал

10 рет
көрсетілді

Елде конституциялық реформаны іске асыру аясында әлеуметтік мемлекеттің жаңа үлгісі қалыптасып келеді. Бұл бағытта бұрынғыдай жәрдем мен кепілдікке ғана емес, азаматтың біліміне, кәсіби машығына, еңбекке бейімделуіне басымдық беріледі. Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне енгізілетін өзгерістер туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа Конституция әр азаматтың еңбек ету құқығын нақты бекітіп, оны жүзеге асыруға қажетті жағдай жасауды мемлекеттің міндеті ретінде айқындап отыр. Осыған сай еңбек заңнамасы да заман талабына икемделмек. Әсіресе цифрлық экономиканың қарқын алуына байланысты қашықтан жұмыс істеу, платформалық жұмыспен қамту секілді жаңа еңбек нысандары құқықтық тұрғыдан реттеле түседі.

Жаңа Конституция – елдіктің тірегі, егемендіктің тұғыры

Әлеуметтік саясаттағы тағы бір маңызды бағыт – мүгедектігі бар азаматтарды қолдау тетіктерін күшейту. Бұл ретте оларды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, оңалту шараларын кеңейту, қоғамдық және еңбек өміріне толық араластыру мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Аида Балаеваның айтуынша, жаңа конституциялық ұстаным әлеуметтік саясаттың мазмұнын кеңейтеді. Ендігі жерде азаматтың әл-ауқатын арттыру тек әлеуметтік төлемдермен шектелмей, адами капиталды дамыту, білім беру сапасын көтеру, ғылым мен инновацияны ілгерілету арқылы жүзеге аспақ.

Сарапшы: Жаңа Конституцияны қолдау – қоғамның жаңғыруға дайын екенін көрсетеді

«Бұған дейін негізгі назар көбіне әлеуметтік кепілдіктер жүйесіне аударылып келсе, жаңа Конституция әлдеқайда кең тәсілді бекітеді. Атап айтқанда, азаматтардың әл-ауқатының өсуінің негізгі факторлары ретінде адами капиталды дамытуға, білім беруге, ғылым мен инновацияларға басымдық беріледі. Сонымен бірге біз әлеуметтік саясатты жаңа стратегиялық мазмұнмен толықтыру үшін жұмыспен қамтуды дамытуға, сапалы жұмыс орындарын ашуға, азаматтардың кәсіби білім алу мен біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін арттыруға назар аударамыз», деді вице-премьер.

Осылайша, жаңа өзгерістер әлеуметтік саясатты тек қолдау құралы емес, елдің ұзақ мерзімді дамуына қызмет ететін стратегиялық тетік деңгейіне көтеруді көздейді. Бұл ұстаным азаматтың еңбекке араласуына, білімін жетілдіруіне және қоғам өміріне белсенді қатысуына жол ашпақ.

Президент жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде жұмыс кеңесін өткізді

Соңғы жаңалықтар