• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 11:40

Қазақстан мұнайы неге күрт қымбаттады?

20 рет
көрсетілді

Қазақстанның CPC Blend маркалы мұнайы наурыз айында айтарлықтай қымбаттады. Бұған себеп – Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты әлемдік нарықта шикізат тапшылығының туындауы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропа мен Жерорта теңізі елдерінің мұнай өңдеу зауыттары Таяу Шығыс шикізатына тәуелді, бірақ қазіргі жағдайда баламалы көздерге көшіп жатыр.

Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 103 доллардан асты

Қазақстандық CPC Blend маркалы мұнай наурыз-сәуір айларына жөнелтілетін партияларда Brent бағасынан 1-2 доллар үстемемен саудаланып отыр. Бұрын бұл марка 5 доллар жеңілдікпен сатылатын.

Сонымен қатар Әзербайжанның Azeri BTC мұнайы да барреліне 5-6 долларға дейін қымбаттады.

Қазақстаннан мұнай жеткізілімдері қазіргі кезде жауын-шашын мен қолайсыз ауа райы, дрондық шабуылдар және Теңіз кен орнындағы өндірістің іркілістеріне байланысты тұрақсыз сипатқа ие.

Трейдерлердің айтуынша, CPC Blend қазір Еуропа нарығы үшін маңызды болып отыр, бірақ оның экспорты әлі де тәуекелдерге толы.

Ормұз бұғазы арқылы мұнай тасымалы қалай шешілмек?

Соңғы жаңалықтар