• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 18:47

Алматыда «ҚазТАГ» агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды

10 рет
көрсетілді

«ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің директоры Әсет Матаев ұсталды. Бұған қатысты Алматы полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оның ұсталғаны туралы хабар Telegram желісіндегі Kozachkov offside арнасында жарияланды.

«Кеше түнде Алматыда «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің иесі Әсет Матаев ұсталды. Менің қолымдағы дерек бойынша, ол бұзақылық жасады деген күдікке ілінген», делінген жазбада.

Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндіре келе, кеше түнде Алматы қаласы Медеу ауданында ер адамдар арасында «бұзақылыққа ұласқан» жанжал болғанын растады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысы бар азаматтар М. мен Р. алкогольге мас күйде ойын-сауық мекемесінен шыққаннан кейін жанжалдасып қалған, оның соңы төбелеске ұласқан.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бардың бәрін ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Әрқайсысының әрекеті заңдық тұрғыда бағаланады. Ал полицияның принципке сай ұстанымы – кез келген агрессия мен қоғамдық тәртіпсіздікті, әсіресе мас күйде жасалған әрекеттерді қатаң тоқтату», деді департамент өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласында қылмыстық іс аясында қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар