• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Пікір Бүгін, 08:33

Қоғам өміріндегі өзгеріс

10 рет
көрсетілді

Азаматтық жауапкершілікті ұстанып, ел болып жұмылған жұмыстың негізінде 15 наурызда Ата заңды қолдағандар 80 пайыздан асты. Кеше ғана салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямызды қабылдады. Халықтың кең қолдауымен қабылдануы негізгі құжаттың легитимдігін арттырады және реформаларды жүзеге асыруда тұрақты негіз береді.

Бүгінде еліміз даму жолын­дағы өте жауапты кезеңді өткеріп жатыр. Отандастарымыз тарапынан жолданған 10 мыңнан аса ұсыныс негізінде 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылып, жаңа Ата заңның жобасы ұсынылды. 12 оты­рыс, одан бөлек, секциялық топтардың, БАҚ өкілдері, заңгерлер мен лингвистер, филологтер мен саясаттанушылардың сүзгісінен өткен маңызды құжат референ­думға шығарылды. Кейін Жалпы­ұлттық коалиция мүшелері жаңа Конституцияны алыс-жақын орналасқан отандас­тарымыз­ға егжей-тегжейлі түсіндірді. Өзім де өңірлерде болып, жергілікті тұрғындармен өткен талқылауларға қатыстым. Сол кездесулер барысында халықтың қызығушылық танытып, қызу қолдап отырғанына көз жеткіздім.

Ата заң – заңдық қадам ғана емес, қоғам мен мемлекет ара­сындағы сенімнің нығаюының айқын көрінісі. Қабылданған Конституцияға сәйкес, ҚХА жұ­мысы жаңа форматта жалға­сады. Ассамблея мен Ұлттық құрылтай негізінде Қазақстан Халық кеңесі құрылады. Бұл жаңа институт құрамында этномә­дени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық ұйымдар, жергілік­ті мәслихаттар мен қоғамдық кеңес­тер өкілдері бірлесе жұмыс істеп, қоғамдағы тұрақтылықты, келі­сім мен ынтымақты нығайтуға қызмет етеді.

Ендігі басты мақсат – Конс­титуцияны халыққа түсіндіру, насихаттау және қоғамның нақ­ты өміріне енгізу. Бұл үшін кез келген бағыттағы ұйымдар мен ға­лымдардың рөлі ерекше маңызды. Себебі олар жаңа заңдардың мәнін тереңінен түсіндіріп, жұртшы­лықтың сұра­нысын заң жобаларына дұрыс енгізуге көмектеседі.

Жаңа Конституцияны қа­был­дау – жауапкершіліктің бастамасы. Ендігі міндет – оны қоғам­ға жеткізу, сол арқылы ғана біз тұрақты, әділетті және сапалы қоғам құра аламыз.

 

Әлішер САТВАЛДИЕВ,

Сенат депутаты 

Соңғы жаңалықтар