• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Пікір Бүгін, 08:38

Жасампаздық бастауы

0 рет
көрсетілді

Еліміз тарихи кезеңге аяқ басты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйытқы болуымен жаңа Конституциямыз қабылданып, мемлекет дамуының берік құқықтық іргетасы қаланды.

Жаңа Ата заң «Күшті Прези­дент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген мемлекеттік басқа­ру­дың теңгерімді моделін ор­нық­тыруға бағытталған. Бұл билік тармақтарының үйле­­сі­мін күшейтіп, мемле­кеттік институттардың жауапкер­шілігін арттыруға жол ашады.

Преамбула – жай ғана кі­ріс­пе емес, ол – Негізгі заң­ның рухы мен идеялық өзегі. Осы ретте Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Консти­туция­ны терең мағыналы әрі мемле­кеттілігімізді айшықтай­тын іргелі тұжырым­дарымен кү­шейтіп, толықтырды. Бұл – Мемлекет басшысының Ата заңымыздың мазмұнын байы­тып, оның негізгі бағыт-бағ­дар­­­­ла­рының айқын әрі жүйелі қа­лып­тасуына қосқан тарихи еңбегі. Құжатта тарихи сабақ­тастыққа ерекше мән берілуінің себебі де – осыдан.

Заман өзгереді, дәуір алмасады. Бірақ ұлт үшін өзгермейтін биік құндылықтар бар. Оның ең асылы – егемендігіміздің еңсе­лі, ал тәуелсіздігіміздің баянды болуы. Жаңа Ата заңымызда Қазақ елінің Ұлы даладағы мем­лекеттердің заңды мұрагері екені, халқымыздың бірлігі мен қоғамдық келісім құндылықтары айқын көрініс тапты. Сонымен қатар мемлекеттің унитарлық сипаты, аумақтық тұтастығы мен шекарасының мызғымастығы конституциялық деңгейде берік бекітілді. «Әділетті Қазақ­стан», «Заң мен Тәртіп», адам құқық­тарын қорғау мен ұлт­ара­лық бірлік қоғам тұрақты­лығы­ның негізгі тіректері ретін­де белгіленді. Бұған қоса эколо­гиялық жауапкершілік, білім мен ғылымды дамыту, инновациялар мен технологиялық прогресс мемлекет дамуының стратегиялық бағдарлары қата­рын­да айқындалды.

Осылайша, жаңа Конститу­ция тарихи тәжірибені, ұлттық құндылықтар мен заманауи даму талаптарын өзара үйлестірген маңызды құжатқа айналып отыр. Бұл – тек бүгін­гі күннің мәселесін шешуге арналған құжат емес. Ата заң­ның қабылдануы – бола­шақ ұр­пақтың тағдырын ай­қындайтын тарихи шешім. Алдағы уақытта Негізгі заңның мәні мен маңызын қоғамға кеңі­нен түсіндіру жұмыстарын тоқ­татпай, жүйелі түрде жалғас­тыру аса маңызды. Бұл – құқықтық мемлекет құру жолындағы негізгі міндеттің бірі. Осы мақсатта елімізде конс­титуциялық-құқық­тық мә­де­ниет пен сауаттылықты қа­лып­тастырудың кешенді бағдар­ламасын әзірлеп, іске асыру қа­жет деп санаймын. Бағдарлама бірнеше маңызды бағытты қамтуға тиіс.

Біріншіден, мектептерде­гі «Құқық негіздері» пәнінің мазмұнын жаңғыртып, жаңа Конституцияның негіздерін оқушыларға түсінікті әрі өмірмен байланысты форматта оқыту қажет. Өскелең ұрпақ заңның мәнін мектеп қабырғасынан бас-тап ұғынуға тиіс.

Екіншіден, жоғары оқу орын­дарында Конституцияның мазмұны мен қағидаттарын терең түсіндіретін арнайы курс-тар енгізу қажет. Бұл жастар­дың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін де нығайтады.

Үшіншіден, қоғам арасында Конституцияның негізгі қағидаттарын жүйелі түрде насихаттайтын тұрақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет. Оның рухын терең түсінген ұрпақ қана заңды құрметтейтін, ел тағдырына бейжай қарамайтын, мемлекетшіл, саналы азамат болып өседі. Бұл – біздің бола­шақ ел тұтқасын ұстайтын жас­тарымыздың алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.

 

Үнзила ШАПАҚ,

Мәжіліс депутаты 

Соңғы жаңалықтар