• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 09:58

Трамп: Иран Қатарға соққы жасаса, Оңтүстік Парс жойылады

30 рет
көрсетілді

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы шиеленіс ушыға түссе, Иранның стратегиялық маңызы зор Оңтүстік Парс газ кен орны толық жойылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамптың айтуынша, АҚШ Қатарға бағытталған нақты шабуыл туралы алдын ала ешқандай мәлімет білмеген.

«Америка Құрама Штаттары бұл нақты шабуыл туралы ештеңе білген жоқ, ал Қатар оған ешқандай қатысы болмаған әрі мұндай оқиғаның болатынын мүлде білмеген», деді ол.

Дональд Трамп: Иранға қарсы соғыста АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі қажет емес

Сондай-ақ ол Израильдің бұл кен орнына бұдан былай соққы жасамайтынын жеткізді. Алайда Трамп Иран тарапынан қандай да бір арандатушылық әрекет орын алса, жауаптың тым қатал болатынын ескертті.

«Егер Иран бұл жағдайда мүлде кінәсіз Қатарға ақылға сыймайтын шабуыл жасауға бел буса, онда Америка Құрама Штаттары Израильдің көмегімен немесе онсыз Оңтүстік Парс кен орнын бұрын-соңды болмаған күшпен және қуатпен жойып жібереді», деді ол.

Ормұз бұғазы: Иран шарт қойды, әлем энергетикасы алаңдаулы

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуіне Израиль қарулы күштерінің Парсы шығанағында орналасқан Иранның Оңтүстік Парс газ кен орнына соққы беруі түрткі болды. Бұл әрекетті Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктері айыптап үлгерді.

Израиль Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қаза тапқанын мәлімдеді

Сарапшылардың пікірінше, энергетикалық маңызы зор нысандарға бағытталған мұндай шабуылдар аймақтағы тұрақтылыққа ғана емес, жаһандық газ нарығына да әсер етуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар