• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Айбын Бүгін, 12:40

Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға жаңа көліктер табысталды

10 рет
көрсетілді

Алматы мен Түркістан қалаларында Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жаңа автопатрульдермен толықты. Бұл маңызды оқиға жаңару мен бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаңа автокөліктер Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековке таныстырылды. Генерал-майор А. Балтабеков қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскери бөлімдердің техникалық базасын жаңартудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

«Ұлттық ұлан қоғам тыныштығын, заң мен тәртіпті қорғап отыр. Қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау жоғары дайындық пен жедел әрекет етуді талап етеді. Жаңа автопатрульдер бөлімшелердің әлеуетін әділ арттырып, қызмет тиімділігін күшейтеді деп сенемін», деді Бас қолбасшы.

Жаңадан келген техника патрульдік қызметтің сапасын жақсартуға, шақыртуларға әрекет ету уақытын қысқартуға және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Ұлттық ұланның сарбазы туған күнінде алғаш рет дауыс берді

Айта кетейік, материалдық-техникалық базаны жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қысқа мерзім ішінде Ұлттық ұлан бөлімшелеріне 336 заманауи техника жеткізілген, оның ішінде 120-дан астамы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне үлестірілген.

Ұландар алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті

Автопарктің жаңартылуы – елдегі тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін орындау тұрғысында Ұлттық ұланның жауынгерлік әзірлігін нығайтуға және қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Соңғы жаңалықтар